TOO «SCHACHTBAU Kasachstan/ ШАХТБАУ Казахстан» келесі межені бағындырды

  • 17-11-2019
  •  

Хромтау — 10.11.2019 ж. жексенбі күні, Хромтау қаласында TOO «SCHACHTBAU Kasachstan/ ШАХТБАУ Казахстан» ұжымы штректің 6000 метрін өтті.
Қазіргі уақытта, көп бөлігі жергілікті қызметкерлерден тұратын ұжымымыз, бұрынғысынша биік жігерлікпен, ең жоғары қауіпсіздікті және өнімділікті, сонымен қатар сапаны сақтай отырып, екі қатар келе жатқан кенжарларда үңгілеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Тапсырыс берушінің құрылымдарындағы ірі өзгерістер, көптеген алғышарттар мен әкімшілік міндеттерге әкелуде. Алайда, бұл өзгерістер Хромтау қаласындағы бизнесті табысты дамыту үшін көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. "Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл" атты шахтасын жаңғырту бойынша жүргізілетін шаралардың кеңдігі, біздің Қазақстандық еншілес филиалымыздың болашағын үлкен мүмкіндіктерге жетелейді. Осылайша, бұл мерейтойлық белгі, үңгілеу жұмыстарындағы жетістікке жеткізер тура жол деген сенімдеміз.